banner1
banner2
banner3

Ізгі ниеттен туған игі іс

    Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Мектепке тағзым» және «100 кітап» акциялары шеңберінде Алматы қалалық «Атамұра» корпорациясының Президенті Құл-Мұхаммед Рақымғали Абрарұлы мектебімізге 100 көркем әдеби кітаптар сыйға берді.

   «Кітап-білім бұлағы, білім-өнер шырағы»,-демекші мектеп ұжымы мен оқушылары мұндай баға жетпес сыйлыққа өте қуанышты.

   Кітаптардың дені белгілі ақын-жазушыларымыз Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынұлы,Қалихан Бекхожин,Жұмекен Нәжімиденов, Тұрсын Жұртбай, Әбіш Кекілбаев сынды қаламгерлердің еңбектері. Сонымен қатар, кітаптардың ішінде Г.Бельгер, М.Гумеров сынды шет ел қаламгерлерінің шығармалары бар. Оқушыға оқыту үдерісінде ресурс ретінде қолдануда таптырмас деректер жинақталған энциклопедиялар жинағы, анықтамалық тұрғыдағы кітаптар бар. Осындай бай қазынаға ие бола отырып, кітап қорын толтыруға қосқан үлесі үшін мектеп ұжымы және оқушылар қауымы шексіз алғыстарын білдіреді.

   Кітап- сарқылмас қазына екені белгілі. Шындығында білімнің қайнар көзі де осы кітап арқылы ашылады. “Кітапхана – білімнің күн шуағы”. «Тәрбие мен білім егіз ұғым» десек, осы екеуіне де біз осы кітап арқылы қол жеткізе аламыз. Кітап өз Отанын сүюге, тарихын ұғуға, болашағымызды тануға көмектеседі. Бұның барлығы келешек білім мен білігі дамыған, интеллектуалды, көшбасшы жастарды тәрбиелеу жолындағы бастама.

   Оқырмандардың «Атамұра» корпорациясының Президенті Құл-Мұхаммед Рақымғали Абрарұлына алғысы шексіз. Бұл көпке үлгі боларлықтай өнегелі іс. Басқа да азаматтар тарапынан кітапхана қоры осылай демеушілік көріп, кітап саны арта түссе, нұр үстіне нұр болар еді.

 

1

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz