Ұлдар арасындағы волейбол жарысының жеңімпаздары
Павлодар қаласындағы Білім беру басқармасы мен «Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі» орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылдың 11-13 қараша күндері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлттық мектеп лигасы» 3-ші облыстық спартакиада бағдарламасы аясында 5-6 сыныптың ұлдары арасындағы волейбол жарыс өтті.
Павлодар облысы бойынша 3 қала, 10 аудан мектептерінен барлығы 104 оқушы жарысқа қатысты. Мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу, спорттық дағдыларын іске асыру.
Баянауыл ауданының намысын С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушылары Нұрғалым Байшүкір, Баққұс Мешітпай, Бекболат Жасқайратов, Нұртан Есжан, Бекзат Төкен, Ерназар Егінтай, Ералы Марат, Арлан Айтмұхаммет қорғады. Оқушыларымыз I дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушыларды жарысқа сапалы, тыңғылықты дайындаған С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұмай Шалабайұлы Төремұратов. Оқушыларымыздың жеңісі құтты болсын!