banner1
banner2
banner3

Мерейі үстем мереке

   Мектеп-барлық рухани өркениеттің ошағы. Мектеп-жан-жақты дамуға жағдайлар туғызатын, адамның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын ошақ болуы қажет.

Басшы – ұжымға өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, ең жақын жанашыры әрі ақылшысы.  Осынау бір үлкен ұжымның басын біріктіріп, өз жұмысын жоғары деңгейде атқарып отырған басшылар арамызда баршылық. Майқайың кентінде орналасқан Майқайың балалар өнер мектебінің басшысы Әлия Әбікенқызы Батталова.     

   Осы орайда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінде ұлт азаттығының мерейтойы дүркіреп өтті. Елге адал, абыройлы қызмет қылған, ауданның экономика, білім және ғылым, әдебиеті мен мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан азаматтар Казақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы №702 Жарлығы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Салтанатты жиында мәдениет және өнер саласының ардагері 30 жылдан астам педагогикалық өтілі бар Майқайың балалар өнер мектебінің басшысы Әлия Батталова Әбікенқызы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Қосымша білім берудің үздігі» Құрмет дипломымен марапатталды. Сонымен қатар, Баянауыл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 қарашадағы №74/10 шешіміне сәйкес еңбек ардагері, ел үшін үздіксіз қызмет еткені үшін «Баянауыл ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болып,
сан салада жемісті еңбек еткені үшін «Баянауыл ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен мәртебеленді.

   Аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнәзи Зейноллинқызы Нұртаева Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен», білім беру бөлімінің әдіскері Мәншүк Тынысқызы Шумақова Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен», М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Бұлбұл Хамитқызы Сыздықова, С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің жалпы орта білім беру мектебінің Бақытгүл Байжанқызы Ахметова, Жайма жалпы орта білім беру мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Гүлтай Алтайқызы Мұхтарова аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

20 12 2021 1

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz