banner1
banner2
banner3

Жүнісбек Шаймерденов атындағы аудандық өнер байқауы.

 

          Аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет басшысы Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаева, Жүнісбек Шаймерденов туыстары, қызы Құралай Жүнісбекқызы, Жүнісбек Шаймерденовтің келіні Валентина Загитдуллақызы, Ардагер ұстазымыз Ғалия Әубәкірқызы, Торғай Қайыржанқызы, Ләззат Шоқпайқызы, «Нұр Ана» әйелдер лигасының төрайымы Баян Салыққызы, «Баянтау» газет тілшілері, ауданымыздың мектеп ұстаздары мен өнерпаздары болды.

       Осы өнер байқауында алғашқы   құттықтау сөз аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет басшысы  Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаеваға Жүнісбек Шаймерденовтің қызы Құралай Жүнісбекқызы Шаймарденоваға және аудандық мәдениет үйінің басшысы Жасқайрат Мұратұлы Төлеубековке құттықтау сөз берілді.    

     Жүнісбек Шаймерденов атындағы аудандық өнер байқауында қазылар алқасының төрайымы Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ басшысы Салтанат Сейітжанқызы Досмағамбетова, Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінің вокал, хор сыныбының ұстазы, «Баян әуендері» халық ансамблінің жетекшісі Райхангүл Қайыржанқызы Жүсіпбекова,   Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Самал Кадетқызы Жақыпова, «Беу жігіттер» халық ансамблінің мүшесі, әнші Жандос Адамов, Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінің домбыра сыныбының ұстазы Динара Мұратқызы Шәшімова төрелік жасады.

       Байқау қорытындысы бойынша Домбырашылар ансамблінен- Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ оқушылары І орын /жетекшісі- Садығазина С.С/, М.Әуезов атындағы ОМ оқушылары ІІ орын /жетекшісі-Әкімжанов А.К/, М.Ж.Көпеев атындағы ОМ оқушылары ІІІ орын /жетекшісі- Ахметжанов Б.Т/.

     «Батыр қыз» әнін хормен орындаудан - Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ оқушылары     І орын /жетекшісі-Мардан К.Т/, З.Ақышев атындағы ОМ оқушылары ІІ орын, Ә.Марғұлан атындағы ОМ оқушылары ІІІ орын /Шегебаева Ж.К/.

«Сабындыкөл вальсі» әнін жеке дауыста орындаудан орта топ бойынша- Ә.Марғұлан атындағы ОМ оқушысы Қасен Айнұр І орын /жетекшісі- Мұқышева Қ.Ж/, Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ оқушысы Жомарт Жанель ІІ орын /жетекшісі Адамбекова Ә.Б/, Ақши НМ оқушысы Рахметтола Нұрай ІІІ орын /жетекшісі – Шакишева А/.

Жоғарғы топ бойынша- Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ оқушысы Оңалбай Мари І орын, /жетекшісі- Адамбекова Ә.Б/ , М.Ж.Көпеев атындағы ОМ оқушысы Мұратова Әсия ІІ орын /жетекшісі- Әсетқызы М. /, Шадыра ОМ оқушысы Олжатай Айым ІІІ орын /жетекшісі- Мәкешева М. С/

         Сонымен қатар, Жүнісбек Шаймерденов атындағы аудандық өнер байқауында ерекше өнер көрсеткені үшін М.Әуезов атындағы ОМ оқушысы Мақажанова Айша, З.Ақышев атындағы ОМ оқушысы Хален Жансая «Шәкен ата» сыйлығымен және барлық жүлдегерлер сыйлықтармен марапатталды.

         Жүнісбек Шаймерденов атындағы аудандық өнер байқауына демеушілік жасап, үлес қосқан Жүнісбек Шаймерденов ұрпақтарына және қызы, дәстүрлі әнші, компазитор Құралай Жүнісбекқызына, Жүнісбек Шаймерденовтың келіні, ардагер ұстаз, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Валентина Загитдуллақызына зор алғысымызды білдіреміз.

Байқау соңында мектебіміздің ардагер ұстазымыз Ғалия Әубәкірқызы мен айтыскер ақын Жұмкен Арқалықұлы Сейітов барлық өнерпаздарға ақ батасын берді.

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz