banner1
banner2
banner3

№ 2 хаттамадан үзінді 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның отырысы

2022 жылғы 27 желтоқсанда 2023 жылға арналған мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестікке өтінімдерді қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті. Комиссия "мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар құжаттарының тізбесін қарады.

Баянауыл ауданында 2 балабақша жұмыс істейді, онда 555 орындық мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған. Жалпы, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың болуы үшін жағдайлар жасалған: ойын және жатын бөлмелері, жуынатын бөлме, қабылдау бөлмесі бар. Топтық балалар жиһазымен, ойыншықтармен, жұмсақ құралдармен жабдықталған. Оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру үшін мекемелер педагогикалық кадрлармен жасақталған.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестікке конкурстық өтінімдерді қарау нәтижесінде конкурстық комиссия ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы№ 381 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға қойылатын талаптар сәйкестігі.

Ұйымның атауы Орындар саны
1 Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Майқайың кенті сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 270
2 Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Баянауыл ауылының сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 285
  Барлығы 555

1.2023 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізілген ұйымдармен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасу туралы бұйрық шығару.

2.Павлодар облысы білім басқармасының "Баянауыл ауданының білім бөлімі" ММ Мемлекеттік сатып алу бөліміне 15 күн ішінде 2023 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізілген ұйымдармен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасуды тапсырсын.

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz