«Eco-life мектебі»
2019-2020 оқу жылынан бері Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында «Оқушы-ата-ана-мектеп байланысы арқылы экологиялық мәдениеті қалыптасқан адам - адам, адам - табиғат деген байланысы бекіген, салауатты өмір салты қалыптасқан, табиғат қорғаушысы, өз елінің патриоты ретінде тұлға қалыптастыру» мақсатында «Eco-life мектебі» экологиялық білім беру жобасы жұмыс жасуда. 27 қаңтар күні аудан мектептері арасында «Eco-life мектебі» экологиялық білім беру жобасының жұмысымен таныстыру мақсатында «Экологиялық мәдениет- заманауи мектебінің басты талабының бірі» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинарға аудан білім бөлімі әдіскерлері Оразалина Айгуль Ырсынбековна мен Шумакова Маншук Тынысовна, аудан педагогтары қатысты.
Бүгінгі іс-шарада мектеп-интернат басшысы Досмагамбетова Салтанат Сейтжановна мектеп-инернаттағы экологиялық бағытта жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды. «Eco-life мектебі» жобасында белсенді жұмыс жасап жатқан педагогтар квест ойыны түрінде шеберлік сағаттарын өткізді. Атап айтатын болсақ: Фито –шайлар. Табиғат бұрышын ұйымдастыру. «Табиғи құндылықтар мен адами » психологиялық тренинг. «Шебер-сынып» «Экологиялық ілім» ғылыми жобалар бекеттері. Келген қатысушылар әр бекетте түрлі мағлұматтар алып, жұмыс жасады.
Экологиямызды қорғау, қайта өңдеу мен сұрыптауға бейімделу үшін мектептен бастап оқушыларды қызықтыра отырып, маңызы бар осындай жобаны қолға алуға, мектеп ұжымы қонақтарымызды бізбен бірге жұмыс жасауға шақырды. Сондай ақ келген қонақтар өз түйген ойын, қызығушылықтарын ашық жеткізді.
Бүгінгі күнгі қоқыс полигондарын кеміту немесе оған жеткізбей сұрыптауға жіберу өте маңызды экологиялық жоба болып отыр. Қазіргі кезде қоқыстану мәселесі өзнеті тақырыптардың біріне айналды. Табиғатты аялау өз қолымызда. Сондықтан да, бұл жоба осылайша даму жолын таппақ.