Балабақшада өткен тиімді семинар
2023 жылдың 28 ақпан күні "Туберкулез ауруына шалдығуы ықтимал мектеп жасына дейінгі балаларға арналған "Шағала" балабақшасы" мемлекеттік мекемесінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған "Денсаулық сақтау технологияларын балабақшада тиімді пайдалану" тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: педагогтердің жаңартылған үлгілік оқу бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасу, тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Семинарға аудан бойынша 20 тәрбиеші, аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет басшысы Гүлнәзи Нұртаева мен бас маман Нұрсағат Ермеков, әдіскер Айгүл Оразалина қатысты.
Семинардың ашылуын балабақша психологі Айнұр Қайырбаева танысу тренингімен бастады. Гауһар Бейсенбаева «Воскобович ойын технологиясы» тақырыбында келген қонақтарға шебер сынып өткізді.
Балабақша тәрбиешілері Құндыз Қаламий, Зәурегүл Маусым, Айдана Амантау, балабақша логопеді Аяжан Күлғожа «Кеңістікте бағдарлау арқылы сөйлеу тілін дамыту» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Семинар соңында ұсынымдар мен пікірлер айтылды.