«Ойла» ақылды журнал
Павлодар облысының білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Баянауыл ауданның 24 жалпы орта білім беру мектептеріне «Ойла» оқушылар мен ата-аналарға арналған қазақстандық ғылыми-көпшілік журналының бір жылдық басылымын қайтымсыз сыйға тарту жасады. «Ойла» журналы ай сайын шығады.
Оқушылар мен ата-аналарға арналған қазақстандық ғылыми-көпшілік журналы қазіргі таңда оқушылар үшін таптырмас құнды дүние. Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі — өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті тұлғаны дамытуда журналдың беретін тұсы айқын. Оқушыларды ғылыми жоба жазуға қызығушылығын тудырады және арттырады. Әр түрлі салалармен тығыз байланыста болады. Дамыған елдердің жаңалықтары мен ойларымен бөлісуге болады.
Осыған байланысты жеке тұлға креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кендігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы байқалады. «Ойла»журналының «Технобатыр» ЖШС директоры Ердос Тулегенов, бас редакторы Гамзат Бияров, ғылыми редакторлары Мария Валяева, Алмас Ордабаев мырзаға алғысымыз шексіз. Осындай құнды дүниелер арқылы халықтың жүрегінен жол таба білдіңіздер.