«Kedergisiz Qyzmet» жобасын іске асыру семинары
2018 жылғы 20 сәуір күні Баянауыл аудандық білім бөлімнің мәжіліс залында Баянауыл аудандық халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесіп «Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өздігінен алу» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты- электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өздігінен алуға және негізгі мүмкіндіктерімен таныстыру. Семинарға аудан бойынша 24 мектептен 42 информатика пәнінің мұғалімдері мен мектеп хатшылары қатысты.
Семинарды Баянауыл аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Ернар Төлеутайұлы Кәрімов пен жаратылыстану-политехникалық бағыт бойынша әдіскер Гүлмира Қабдымүлікқызы Қошанова өткізді. Семинардан кейін әдістемелік ұсыныстар берілді.