Аудандық «ХІ Марғұлан оқулары»
Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде 11 мамыр күні аудандық «ХІ Марғұлан оқулары» өткізілді. Барлығы 17 мектептен 50 оқушы қатысып, бақ сынады. Аудандық Марғұлан оқулары 4 секция бағыттары бойынша жұмыс атқарды.
І секция «Марғұланның археологиялық еңбектері-қазақ халқының ұлттық ғылыми мұрасы» атты археология, тарих секциясына 13 оқушы қатысты. 1 орынға Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Дүйсен Диана, ІІ орынға Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 9-сынып оқушысы Әбен Назерке, Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 9-сынып оқушысы Кәрімжан Нұрай, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 9-сынып оқушысы Рахымтай Серік, ІІІ орынға Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Теміртай Гүлнәз, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің 5-сынып оқушысы Бақбаева Мәдина, Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Кәукен Тотия ие болды.
ІІ секция «Марғұланның әдебиет саласындағы еңбектері-қазақ халқының әдеби байлығының негізі» атты филология, этнография секциясына 7 оқушы қатысты. І орынға Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 10-сынып оқушысы Алданыш Шолпан, ІІ орынға Ж.Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Манап Ардақ, Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 10-сынып оқушысы Мүбәрак Айдана, ІІІ орынға Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Алламберген Дана, №2 Майқайын жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Серіков Бауыржан ие болды.
ІІІ секция «Марғұланның өнер саласындағы еңбектері-қазақ халқының бай тәжірибесінің жалғасы» атты қолданбалы өнер секциясына 10 оқушы қатысты. І орынды Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Ғалымжан Айзат, ІІ орынды Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 7-сынып оқушысы Аужанова Әсел, ІІІ орынды Егіндібұлақ жалпы білім беретін орта мектебінің 7-сынып оқушысы Тимаш Ринат иеленді.
ІV секция «Әлкей Хақанұлы Марғұлан-археолог, ғалым» атты сұрақ-жауап секциясына 20 оқушы қатысты. І орынға Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Төлеубай Мерейім, ІІ орынға Шадыра мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің 7-сынып оқушысы Қасым Айзере, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің 8-сынып оқушысы Әнуарбекова Дина, Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Каменов Бекзат, ІІІ орынға Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 10-сынып оқушысы Баян Айзада, Егіндібұлақ жалпы білім беретін орта мектебінің 6-сынып оқушысы Солтанбай Шырай, Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 9-сынып оқушысы Әйкен Аружан, Сұлужон жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Шалбай Ділнәз ие болды.
Оқушылар секция жұмыстарына қатысу кезінде жетекшілердің бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін мектебіміздің ұстаздары тренингтер ұйымдастырды.
Шара соңында ғылыми-тәжірибелік конференцияға қазылар алқасы алғыстарын, ризашылықтарын білдірді.