banner1
banner2
banner3

Аудандық Шапық Шөкин оқулары

   Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінде жылдағы дәстүр бойынша Шапық Шөкин оқулары өтті. Оқуға аудан мектептерінен 40 оқушы және жетекшілері қатысты. Оқу 3 секция бойынша жұмыс атқарды.

   «Ақылды технологиялар» секциясы бойынша оқушылар ғылыми жобалар қорғау І секциясына 12 оқушы қатысты. Әділқазылар мүшелерінің шешімі бойынша Бас жүлдеге М.Ж.Көпеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы М. Мусайыпов, І орынға Лекер жалпы негізгі білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы М.Жұмақанова, ІІ орынға №2 Майқайын мектебінің 9-сынып оқушысы Е.Уахитова мен К. Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы А.Теміржан, ІІІ орынға Б.Хайдаров мектебінің 10-сынып оқушысы А.Дүйсенбай мен Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Б.Кашкеев, С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Ә. Еркежан иеленді. Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенің 8-сынып оқушысы А.Мерей номинация иегері аттанды.

   «Сен формулаларды білесің бе?» ІІ секциясына 20 оқушы қатысты. Бас жүлдені Сұлужон жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Е.Қасенова, І орынға Лекер жалпы негізгі білім беру мектебінің 8 - сынып оқушысы Г.Қабдолла, ІІ орынға Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Д.Үкітай мен Ж.Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы А.Нескенова, ІІІ орынға Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Е.Қаныш пен № 2 жалпы орта білім беру мектебінің 8 - сынып оқушысы Д.Танат, Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебінің 8 - сынып оқушысы И.Сапашев иеленді. Ә.Марғұлан атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Ғ.Еркежан номинация иегері аттанды.

   «Жас өнертапқыш және идеялар әлемі» ІІІ секциясына 11 оқушы қатысты. «Жас өнертапқыштар және идеялар әлемі» секциясында оқушылар түрлі қондырғылар, құралдар жасап әкеліп, олардың жұмыс істеу принциптерімен бөлісті. І орынға №2 Майқайын жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Н.Габдулқалиев, ІІ орынға Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Н.Әбжанов, Дүйсенбай Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Ж.Мағаз, ІІІ орынға № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Ж.Шабалов пен Шадыра мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің 10-сынып оқушылары Қ.Жарас, Ә.Серік, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 8 - сынып оқушысы Е.Бердеш иеленді.

   Барлық секциялар бойынша жүлделі орындарға лайық деп танылған оқушыларды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Мұғалімдермен «Қызық екен» танымдық ойыны жүргізілді.

   Осы шараның өтуіне үлестерін қосып қол ұшын берген кәсіпкерлер Р. Кәрімова, Ж.Әшірбек, Б.Наурызбаева, К.Түсіпова. Жергілікті ауыл әкімі Е.Молдатаев және мектептің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Асыл Тоқтамысова оқуды ұйымдастыруға көмек бергені үшін барлық ата-аналар атынан алғысымыз шексіз.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz