banner1
banner2
banner3

Аудандық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

   Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде аудандық ғылыми-тәжірибелік конференцияс «XIV Мәшһүр Жүсіп оқулары» өтті. Конференцияда оқушыларымыз үш тілде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылық жолын таныстырып өтті. Қонақтарымыз жазушылар одағының мүшесі,ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Ерементау және Баянауыл ауданының құрметті азаматы, көптеген халықаралық, республикалық жыр мүшәйраларының, әдеби байқауларының жүлдегері Сайлау Байбосын, Павлодар қаласынан ақын Бағдат Дүйсенов, О.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының ғылыми қызметкері Найля Қаткенқызы Анафина, Павлодар мемлекеттік Университеті Мәшһүртану ғылыми практикалық орталығының директоры Ербол Шырынхан, «Нығмет Ербакан» Университеті әлеуметтік білімдер институтының оқытушысы Клара Бекомарқызы Пазылова, облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Айдана Қуанышева, Астана «Өнер институтының» жыршылары келіп М.Ж.Көпейұлының жырларын орындады.

   Аудандық ғылыми-тәжірибелік конференциясы төрт бағытта жұмыс атқарды.

  I бағыт: «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» мүшәйрә секциясына М.Ж.Көпейұлының «Анама хат» өлеңінің идеясын, тақырыбын дамытып, өздері ойдан өлең шығару, шығарған өлеңдерін мәнерлеп оқуға сегіз оқушы қатысты. I орынды Ж.Аймауытов атындағы ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Садыкова Перизат, II орынды Ә.Марғұлан атындағы ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Шолпан Алданыш, III орыны Д.Рахметов атындағы ЖОББМ-нің 8 -сынып оқушысы Сағидолла Айзада, Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ-ның 9-сынып оқушысы Игілік Келбет иеленді. №1 Майқайың ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Қабыкен Дәулет пен Ермұхан Бекмаханов атындағы ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Тахан Таңырақ номинат аттанды.

  II бағыт: «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» Мәшһүр Жүсіп философиясына байланысты дайын ғылыми зерттеу жобасын қорғау. Iорын Шөптікөл ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Каменов Бекзат , II орынды М.Ж.Көпейұлы атындағы ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Муратова Сымбат, III орынды Үшқұлын ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Мұхаметхан Ақкүміс, Д.Рахметов атындағы ЖОББМ-нің 8-сынып Манаш Ақнұр иеленді. Шадыра мектеп балабақша оқу-кешенінің 7-сынып Қасым Айзере номинация иегері.

  III бағыт: «Білімді зерек адам болам!»-десең, «Қара өзіңді басқаның айнасымен» М.Жүсіп шығармашылығы бойынша философиялық эссе жазу. 8-10- сынып аралығында. I орынды М.Ж.Көпейұлы атындағы ЖОББМ- нің 9-сынып оқушысы Рахымтай Серік, II орынды №2 Майқайың ЖОББМ–нің 10-сынып оқушысы Ермекбаева Алуа, III орынды С.Торайғыров атындағы ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Серікбай Назерке мен Ақши ЖОББМ- нің 9-сынып оқушысы Халел Мөлдір иеленді. Д.Рахметов атындағы ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Бейсен Нұржанат номинация иегері.

  IV бағыт: «Жерімде жүрген-тұрған сөзім қалған..» ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу 2-4, 5-11 сынып оқушылар аралығында өтті. Бастауыш сыныптар арасында I орын Егіндібұлақ ЖОББМ-нің 2-сынып оқушысы Жанатұлы Санжар, II орын М.Ж.Көпейұлы атындағы ЖОББМ-нің 3-сынып оқушысы Мұратова Сымбат, III орынды Лекер ЖНББМ-нің 2-сынып оқушысы Елемес Жансая, номинацияны Үшқұлын ЖНББМ–нің 2-сынып оқушысы Хавдалұлы Абдулхазиз иеленді. 5-11сыныптар бойынша I орынды Академик Қаныш Сәтбаев атындағы ЖОББМ-нің 5-сынып оқушысы Рахимбекова Аяулым, II орынды С.Торайғыров атындағы ЖОББМ-нің 6-сынып оқушысы Ғайбиран Қарақат, III орынды Шадыра мектеп балабақша оқу-тәрбие кешенінің оқушысы Болат Данияр М.Ж.Көпейұлы атындағы ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Шайдолла Нұрсұлтан мен Сұлужон ЖОББМ-нің 5-сынып оқушысы. Ганбатқызы Гүлназ номинат аттанды. Аудандық ғылыми – тәжірибелік конференциясы жоғары деңгейде өтті.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz