Тәрбиенің қайнар көзі-театр
«Оқуға құштар мектеп» жобасы мен білім беру ұйымдарындағы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Баянауыл ауданының білім беру ұйымдарында сыныптан тыс «Балалар кітапханасы» оқуға ұсынылған қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестіндегі үзіндіні сахналау 2024 жылдың 14 қазанына дейін іске асырылады. Байқау қорытындысы шығарылады.
Аудан бойынша барлық бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары сүйікті кейіпкерлерін сахналайды. Ереже талаптарына сай бейнефильмдерін мектептің әлеуметтік желілеріне салынады.
Білім алушылардың бойындағы құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісі жағдайында жүйелі ұйымдастырылады.